"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің оқу ғимаратына алғаш рет су жаңа кілем төселді. Таза туркиялық сапаға ие кілемді алу үшін Атыраулық отбасылық блогерлер Ерболат пен Гүлнұр 2,5 млн тенге қаражат аударды. Дін ілімін алып жатқан шәкірттерге жылу болсын, әрі білім ордасы көркіне ене түссін деген ниетпен сыйға тартты.
Арнайы тапсырыспен алдырылған кілемді мамандар келіп төсеп, ғимарат көрікке бөленді.
Алла жолында жасырын және жария садақа жасап жүрген жомарт жандарға Алла разы болсын! Ал мұндай игі іске мұрындық болған жастар саны арта түссін демекпіз!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

