#Қордай жамағаты Бауыржан Әлиұлының уағызын тыңдады

#Қордай жамағаты Бауыржан Әлиұлының уағызын тыңдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауылдық мешітінің жамағаты Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Нұр Мүбәрак университетінің оқытушысы, РАНТ мүшесі Бауыржан Әлиұлымен кездесті.

Алматыдан ат артып келген халықтың сүйікті уағызшысы, білікті маманды жамағат қуана қарсы алды. Бауыржан Әлиұлы Пайғамбарымызға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілік, махаббат жайлы уағыз айтып, көпшіліктің жүрегіндегі адамзаттың ардақтысына деген сағышты оятты.

Жамағат насихатты ұйып тыңдап, көкейкесті сауалдарын қойып, мардымды жауаптар алды. Діни, рухани біліммен, иман нұрымен сусындаған Қордайлықтар алдағы уақытта тағы да жүздесу күтетінін жеткізді.

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: