#ТАРАЗ: Қала қыз-келіншектері мәуліт кешін өткізді

#ТАРАЗ: Қала қыз-келіншектері мәуліт кешін өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешіті әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Адамзаттың асыл тәжі" атты рухани кеш өткізілді. Кеш Құран Кәрім аяттарымен басталды. Қалалық бас ұстаз Жібек Болатбекқызы Пайғамбарымыз Мухаммед (с.а.у.) ның өмір баянынан үзінділер мен уағыз-насихат жүргізді. Тараз қаласы «Нәметбай» мешітінің ұстазы Ләйлә Рашидқызы салауат айтудың құндылықтары жайлы сөз қозғады. Жиын барысында викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген шәкірттерге сыйлықтар берілді. Сонымен қатар хадистерді жатқа жалғастыру ойыны өткізілді. Жамағатқа зәм зәм суы құйылып, баршасы дұға жасады.

Әр жиынның мақсаты, оны осы дүниеде және ақыретте пайдалы болатындай ету,бірлесу, арадағы мейірімді жандандыру,-деді Жібек Болатбекқызы.

Келген жамағат ризашылығын білдіріп, ақ жаулықты әжелеріміз батасын берді!

Жібек Болатбекқызы

Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешіті ұстазы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: