#Қордай: Гвардейский қалашығында мешіт асханасы ашылды

#Қордай: Гвардейский қалашығында мешіт асханасы ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Гвардейский қалашығындағы "Ұлан" мешітінің жанынан мешіт асханасы ашылды. Салтанатты шараға Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы барып, лентасын қиды.

Сыйымдылығы 200 адамды қамтитын асхананың ашылу шарасында ауыл азаматтары мен көмек көрсетушілерге, демеушілерге дастархан жайылды. 

Аудан бас имамы демеушілерге алғыс хат табыстап, "Ихсан" және "Абу Ханифа ғұмырбаяны" рухани кітаптарын сыйға тартты. Сыйға сый жасап, құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырған қазақы салтпен демеушілер аудан имамына шапан жапты. 

Көпшілік алдында сөз сөйлеп, насихатын айтып өткен Асқар Зәкіржанұлы асханада жасалар игіліктер, сауапты шаралар мол болсын деп дұға жасады. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: