#Шу: Жастар мешіт ауласын тазалап берді

#Шу: Жастар мешіт ауласын тазалап берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі таңда жақсылыққа жаны құмар, қайырымдылықтан қалыспайтын жастардың қатары қалың екендігіне көңіліміз марқаяды. Ертең елге сыйлы қарияға айналу үшін, бүгін жұрт дегенде жұмылып жұмыс істейтін жас болу керек.  Өйткені жастық шақ судай тұнық, бұлақтай мөлдір кезең.  Жастық шағын қайырыммен, ізетпен, көмек берумен өткен адам Алланың разылығына бөленеді  делінген асыл дінімізде.

Қартына қарайласып, жастарға жәрдемші  болып жүрген жастар Шу ауданында да жетіп артылады. Олар аудандық «Жастар ресурстық орталығы»  ұйымдастырған игі шаралардан шет қалмай, алғысқа бөленетін істе белсенділік танытып жүр. Күз келісімен көбіміз күрек-тырмаларды алып айналамызды реттестіретініміз рас.  Себебі күздің өзіндік өрнегі бар.

Жуырда Шу аудандық жастар ресурстық  орталығының ұйымдастыруымен,  Шу теміржол колледжінің ерікті жастарының қатысуымен аудандық «Жәми» мешітінің айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді.  Көрген көз сүйінетін бұл шарада жастар Алла үйінің ауласын тазалап, жапырақтарды жинап, шаңын сыпырды.  Сауапты іске жұмылған жастарға ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлы алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: