#Т.Рысқұлов ауданында ұлттық ойын ұйымдастырылды

#Т.Рысқұлов ауданында ұлттық ойын ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылында ежелден келе жатқан және ата дәстүрімізге айналған, ұлттық ойынымыз көкпар өтті. Көкпарға ауданымыздың бас имамы Сұлтаншарип қажы арнайы барып, ұлттық ойынға қатысушылар мен көрермендерге дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайында қысқаша уағыз айтып, ұлттық ойынды ұлықтады.

Сөз соңында жастарға ақ батасын беріп, сәттілік тіледі. Бас имам атқа мініп додаға кіріп, көкпарға да қатысты. Ұлттық ойынға көрші аудандар мен Тараз қаласынан да шабандоздар келіп қатысты.

Салым салушыларға бағалы сыйлықтар табысталды және соңғы салым өгіз өлдіге автокөлік сыйға тартылды. Елімізде ұлттық ойындарымыз еленіп, салт-дәстүріміз дами берсін.

Түзелбеков Қуаныш

Т. Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: