Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистерінде жасырылған отбасы бақытының 5 құпиясы

Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистерінде жасырылған отбасы бақытының 5 құпиясы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өкінішке орай, біз бұл дүниеге беріліп, күнделікті күйбең тірліктен босай алмай жүреміз. Бұл бізді отбасымызға, туған-туыстарымызға көңіл бөлу мүмкіндігінен айырады. Тіпті кейде осынау бір шырғалаң шеңберден сытылып шығу мүмкін еместей болып кетеді, сондай-ақ, үнемі уақыттың жетіспеушілігі, үнемі шаршап жүруіміз де жақындарымызбен қарым-қатынас жасауда теріс ықпал етіп жатады.

Біздің бақытымызға орай, Алла Тағала бізге Пайғамбарымыз Мұхаммедті (ﷺ) көркем өнеге ретінде берген, ол (ﷺ) әрқашан бұл дүние мен ақиреттің, жұмыс пен отбасының арасындағы теңгерімді таба білген әрі отбасы мүшелерімен, өзінің айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болған.

Осы мақалада отбасы өмірінде сүйіспеншілік пен тыныштықты сақтап қалуға септігін тигзетін Алла Елшісінің (ﷺ) бес кеңесін назарларыңызға ұсынамыз.

Жиі күлімсіреп жүру

Пайғамбарымыз (ﷺ) жиі күлімсіреп жүретін. Жиі күлімсірейтіні сонша, сахабалар Пайғамбарымыздан (ﷺ) артық жиі күлімсірейтін ешкімді көрмедік деп айтатын. Өкінішке орай, көбіне біз күлімсіреуге мән бермейміз. Әрқашан жұбайларыңызды күлімсіреп қарсы алыңыздар, бірден арыз-шағымдарыңызды айта жөнелмей, жарыңыздың шаршап келгенін ескеріп, жылы қабақ таныта біліңіздер. Үй, отбасы – адамның тынышталып, күш жинайтын орны. Пайғамбарымыз (ﷺ) айтқандай, күлімсіреу – бұл да садақа.

Жұбайыңызға жылы да жағымды сөздер айту

Алла Елшісі (ﷺ) : «Кімде-кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірсе, тек жақсы нәрсе айтсын немесе үндемесін», - деп айтқан.

Әр күні сүйіктілеріңізге қошемет сөз айтып отыруды әдеттеріңізге айналдырыңыздар. Қанша жыл өмірлерін бір шаңырақтың астында өткізетін ерлі-зайыптылар бір-бірінің кемшіліктері мен теріс қылықтарын бес саусақтарындай біліп алады, алайда оларды әр кез бетке басып айта берудің қажеті жоқ. Мұның бәрі отбасылық қарым-қатынаста жақсылыққа апармайды.

Ашуланбау

Әли (р.а.) Фатимаға (р.а.) үйленген кезде Пайғамбарымыз (ﷺ) оған бір керемет ақыл берген екен. Кеңестің маңыздылығы сондай Алла Елшісі (ﷺ) оны үш мәрте қайталапты. Сол ақыл: «Ашуланба» болған.

Өз ашуыңды ауыздықтап қана қоймай, сондай-ақ, болмашы ұсақ-түйек үшін жақындарыңызға ашулана берудің қажеті жоқ. Көбінесе ерлі-зайыптылар жоқ жерден ши шығарып отырады, мысалы үшін, дұрыс жуылмаған ыдыс немесе орнына ілінбеген сүлгі де дау-жанжалдың көзіне айналып кетуі әбден мүмкін. Айналып келгенде, бұл тек түкке тұрмайтын дүниелер ғана.

Уақытты бірге өткізу

Пайғамбарымыз (ﷺ) көбіне уақытын әйлдерімен бірге өткізетін. Ол әйелдерімен бір шаңырақтың астында тұрмаған, алайда олармен жиі қыдырып, ақылдасып, оларды сапарларға алып шығып әрі әртүрлі тақырыптарға әңгімелесіп отырған.

Ал сіз жұбайыңызбен саябақта қыдыруға немесе бірге тамақтану үшін үйіңізден қашан шығып көріп едіңіз?

Өз сезіміңізді білдіріп отыру

Көпшілігіміздің есімізде жұбайларымызға өз сүйіспеншілігімізді соңғы рет қашан білдіргеніміз жоқ та шығар. Алайда Алла Елшісі (ﷺ) өз сезімін айтып отыруда ұялған емес. Ол Хадиша анамызға (р.а.) деген үлкен сүйіспеншілігі туралы жиі айтып отырған. Оның айтуынша, Хадиша анамыздың (р.а.) сүйіспеншілігі оған Алланың берген ризығы іспетті болған.

Біздің дініміз: «Мен үшін бір-бірін жақсы көргендерге, Өзімнің сүйіспеншілігіміді кепіл етемін», - деген Алланың сөзіне құрылған.

Сонымен, бақытты отбасын құрудың бес қарапайым ережесін атап көрсеттік.

Міне, осы ережелерді есте ұстап, оларды өмірде қолдануға тырысайық!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: