Тәубеге келуде айтылатын ең күшті дұға (жалғасы)

Тәубеге келуде айтылатын ең күшті дұға (жалғасы)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сонда күнә жасап қойған адам не істеуі керек? Доктор Бернстің айтуынша, кінәлік сезім әрдайым тек адамның өзіне ғана бағытталады. Мұны етістік пен зат есімнің арасындағы айырмашылықты мысалға ала отырып, ой зерегінен өткізіп көру керек. Егер сіз өзіңізді, мысалы, «күнәһар» деп зат есімді қолдансаңыз, онда бұл жерде сіздің «меніңіз» сипаттап отырған өзіне тән қасиеттері бар адамды айыптап отыр.

Егер сіз «Мен күнә жасадым» деп етістікті қолданатын болсаңыз, онда сіз өз мінез-құлқыңызға басты назар аударғаныңыз. Етістік зат есімге қарағанда өзгеріп тұрады. Ішкі «менді» өзгерткеннен гөрі мінез-құлықты өзгерту анағұрлым жеңілірек.

Ең алғаш күнә жасаған адам кім?

Адам Ата (ғ.с.) өзін «күнәһармын» деп айтпаған. Ол: «Мен өзіме кесір істедім», - деген.

«(Адам Ата мен Хауа ана): «Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мәрхамет етпесең әлбетте зиян етушілерден боламыз» деді» (7:23).

Негізінде, Алла Тағала күнә жасайтындарды сипаттау үшін мынадай терминді қолданады: «(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді” де» (39:53).

Мынаған көңіл аударыңыздаршы, Жаратушы Алла «күнәһар» деген зат есімнің орнына «өздеріне зиян қылғандар» деп айтқан.

Тәубеге келу дегеніміз дұрыс жасалмаған іс-әрекетіміз үшін өкініп, опық жеп, оны мойындап, мінез-құлқымыздың өзгеруін, келешекте мұндай әрекеттің қайталанбауы мақсатында Алладан кешірім сұрау.

Алланың жарылқауына қол жеткізуге және тәубеге келуге Алла Елшісі (ﷺ) «саййидул-истиғфар» деп атаған дұға көмектеседі.

Бұл — тәубеге келудегі ең басты дұға, өйткені аталмыш дұға өзіне ұқсас дұғаларды бойына сіңіріп алған. Терең де кең мағынасына қарап бұл дұғаны «Тәубеге келудегі дұғаның шыңы» деп те атайды.

اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لا إِلَهَ إِلا أَنْتَ خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ وَأَبُوءُ لَكَ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلا أَنْتَ

Аллахумма анта Рабби, ля иляха илля анта, халяктани уа ана абдук, уа ана а’ля а’хдика, уа уа’дика мастата’ту. А’узу бикя мин шарри ма санат’у, абуу лякя би – ни’матикя а’лейя уа абу бизанби фагфир лии фа – иннаху ля йагфируз – зунуба илля анта

(Уа, Алла! Сен менің Жаратушымсың. Құлшылық етуге Сенен лайық, Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен Жараттың. Мен Сенің құлыңмын. Әлімнің жеткенінше Саған бойұсыну мен адалдығым туралы сертімде тұруға тырысамын. Өзімнің жасаған қателіктерім мен күнәларымның кесірінен Саған сиынамын. Сенің берген барлық нығметтеріңе шүкір айтамын әрі менің күнәларымды жарылқауыңды сұраймын. Мені жарылқай гөр, өйткені Сенен басқа ешкім күнәларды жарылқаушы емес)

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: