Мұндай адамдардың соңынан шайтанның балалары еріп жүреді

Мұндай адамдардың соңынан шайтанның балалары еріп жүреді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Егер кімде-кім күнделікті сұраныстағы тауарды, мысалы үшін, азық-түлік, дәрі-дәрмек немесе үй жануарларына беретін жем-шөпті, мол көлемде сатып алып, қоймада ұстап, бұл тауардың бағасы көтерілгенше күтіп, содан кейін бағасын шарықтатып сататын болса, онда бұл ихтикяр, яғни алып-сатарлық деп аталады, ал мұндай іспен айналысатын адамды мухтакир, яғни алып-сатар деп айтады.

Мұндай адамдар лағынеттелген (Хаким, № 2164), жақсы адам деп аталу құқығынан айырылған, алайда Қамқор Алланың мейірімінен айырылмаған. Билеуші азық-түліктің шекті бағасын тағайындай алмайды, алайда саудагерлер азық-түліктің бағасын шарықтатып жіберетін болса, бұл жағдайда билеуші мамандармен кеңесіп, бағаның шегін тағайындай алады. Сондай-ақ, тауар әкеле жатқан көліктерді қаланың шетінде күтіп алып, олар қаланың бағасын білмей тұрғанда тауарды арзан бағаға сатып алу дұрыс емес. Ал тауардың иесі қалаға келіп, тауардың нақты бағасын білгенде, ол сатып алушыға ақшасын толықтай қайтарып беріп, өзінің тауарын қайтарып алуға құқылы. Сөзсіз, бұл шариғат бойынша дұрысы, алайда қазіргі таңда ақшаға құнығып, дүние үшін ашкөзденіп, пиғылдары өзгеріп алған кейбір адамдар үшін – өзге адамның ақысын жеу, алдап-арбау түкке тұрғысыз нәрсе болып кеткен.

Негізі, базарға таң атар атпастан алғашқы болып келіп, адамдардың соңғысы болып қайту қажет емес. Хадисте былай айтылған: «Ең жаман орын – базар. Ондағы ең жамандардың бірі – кім бірінші болып базарға кіріп, соңғысы болып шығатындар». Мұғаз ибн Жәбәл (р.а.) мынадай бір риуаят келтірген: «Ібліс балаларына көп жаман нәрселерді жасауға кеңес берген, соның бірі: «Базарға кім бірінші болып келіп, соңғысы болып шығатындармен бірге болыңдар» (Ихъя улюм әд-дин). Базарға кірердің алдында бұл орынның зұлымдығы мен алдап-арбауынан Алла Тағалаға сиыну керек. Базарға кірердің алдында мына бір дұғаны айтқан дұрыс: «Уа, Алла! Осы базардың зұлымдығынан, астамшылығынан, арамдығынан Сенен пана тілеймін» (Ихъя улюм ад-дин).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: