#Жамбыл: Ұстазға құрмет - баршаға міндет

#Жамбыл: Ұстазға құрмет - баршаға міндет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешіт ұстазы Бекназарова Жайна және ардагер ұстаз, мешіт жамағаты Сапарбеков Алтынханға «Ұстаздар» мерекесіне орай, сыйлықтар табыс етті.

Жарық дүниенің есігін ашып, ес кіре бастағаннан бастап әр адам дүниені танып білуге талпынады. Сұрақ қойып, жауап алғысы келеді. Осы жолда ол бір адамға ерекше қарыздар. Ол – ұстаз! Дүниеде мамандақ атаулының төресі – ұстаздық. «Ұстаздық – барлық мамандықтың анасы» дейді дана халқымыз. Себебі, ұстаз алдынан дәріс алмайтын адам жоқ. Ұстаз берген тәрбие – жол сілтер шамшырақ.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: