#Шу: Нәзік жанды ұстаздарға құрмет көрсетілді

#Шу: Нәзік жанды ұстаздарға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жер бетіне Ислам діні келіп, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) уахи түскелі әрбір жаратылыстың хақысы  белгіленіп, орындары айқындалған. Әйел-қыздарға деген құрмет асыл дінімізде ерекше айшықталған. Ал, ұстазды сыйлау арқылы білімнің маңызын түсініп, елдің де қошеметін осы арнаға бұруға бағытталады. «Алты Алаштың басы қосылса, төрдегі орын сөзсіз мұғалімдікі»,- деп Мағжан Жұмабаев айтқандай ұстаздың халқымыз үшін орны бұрыннан ерекше.  Олардың ұрпақ болашағына қосар үлестері орасан.

Жуырда ұстаздар күніне орай Шу аудандық «Жәми» мешітінің жанындағы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен маңызды шара өтті. Атап айтсақ осы сектор тарапы Бірлік ауылындағы қосымша білім беру ұйымының әйел  ұстаздарын аудандық мешітке шақырып, мерекемен құттықтап, сый-сияпат табыстады.

Сый-сияпатқа ие болған  ұстаздар қауымы ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, көрсетілген құрмет көңілдерін жылытқанын жеткізді.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: