#Талас: "Жеті рухани қазық" насихаты жүргізілді

#Талас: "Жеті рухани қазық" насихаты жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы, Қаратау қаласы, аудандық "Қаратау Қажыби"  мешітінің бас имамы Н.Әлиев және Талас ауданы Ақкөл ауылының әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен ашық аспан аясында "Жеті рухани қазық" тақырыбында жамағатпен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында "Дәстүрлі исламның құндылықтары", ҚР-сы руханиятының темір қазығы саналатын "Жеті рухани қазық" туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар,  жастарды имандылыққа,  отаншылдыққа, бірлікке, еңбек сүйгіштікке, бауырмашылдыққа, тәрбиелей отырып, еліне адал қызмет ететін тұлғалыққа дайындау барысында  аталмыш тұғырнама оңтайлы тетік екендігі баяндалды.

Өткізілген іс-шараға санитарлық талаптарды сақтай отырып, қамтылғандар саны 50  адамды құрады. Алдағы уақыттарда осы сынды іс- шараларды ауқымды түрде  жүзеге асыруды аудан имамы Н.Әлиев тілге тиек етті. Сөз соңында көпшілікке дұға жасап, Алланың нығметтеріне шүкірлік айтып, сөзін тәмәмдады.

Аудандық "Қаратау Қажыби" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: