Әйел-қыздар секторы мешіт қарияларына дастархан жайды

Әйел-қыздар секторы мешіт қарияларына дастархан жайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысы бойынша жетекшісі Гүлжан Алдасаеваның ұйытқы болуымен қарттар және ұстаздар күніне орай "Әжелер алқасымен" және мешіт қарияларымен бас қосу өтті.

Мерекелік шараға Діндану ғылымдарының Phd доктаранты, аталған мешіттің ұзақ жылдар бойы ұстазы болып келген Зейнеп Үсенова арнайы шақыртылды. 

Жиында ақ дастархан жайылып, уағыз айтылды. Әжелер де өз өнегелерімен бөлісіп, көркем әңгіме өзбіді. Қарияларға, ардақты ұстаздарға алғыс білдіріліп, ақ жаулықтылар батасын берді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: