#Қордай: "Берекелі жұма" науқанында 80 отбасыға астық берілді

#Қордай: "Берекелі жұма" науқанында 80 отбасыға астық берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ата-бабамыз қай уақытта өмір сүрсе де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен. Біздердің жасаған қандайда бір жақсы істердің қайырсыз кетпейтіндігі жайында Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырыды» - деп баяндалады.

Осындай өсиетті үлгі еткен Қордай ауданында кезекті "Берекелі жұма" науқаны жасалып, Отар ауылдық "Атамқұл" мешітінде қайырымдылық көмек берілді.

Ауылдың 80 шаңырағына 1 қаптан пияз таратылды. Игі іс-шараға Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қатысып, отбасыларға астық таратты. 

Көпшілік алғыстарын айтып, жомарт жандарға Алла разылығын тіледі. 

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: