#Қордай: Тараздық мешітке имам болып ауысқан маманға жамағат алғыс білдірді

#Қордай: Тараздық мешітке имам болып ауысқан маманға жамағат алғыс білдірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінің наиб имамы Дәурен Нұржанұлына алғыс білдірілді. ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен имам Тараз қаласындағы "Әбдіқадыр" мешітіне имам болып тағайындалды. 

Осы уақытқа дейін Қордай ауданының діни ахуалының дамуына өз үлесін қосқан білікті маманға құрмет көрсетіліп, қасиетті жұма күні жамағат Алла разылығын тілеп, аудан бас имамы Асқар Зәкіржанұлы алғыс хат табыстады.

Көпшілік шекпен жауып, алдағы жұмысына береке, жеміс тілеп шығарып салды. Ал қариялар батасын беріп, дұғасын жасады.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: