#Қордай: Ауыл тұрғындарына "Жеті рухани қазық" насихатталды

#Қордай: Ауыл тұрғындарына "Жеті рухани қазық" насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы Сортөбе ауылында тұрғындармен кездесу өтіп, ҚМДБ бекіткен құжаттардың бірі - "Жеті рухани қазық" түсіндірілді. 

Мәдениет үйінде өткен іс-шараға ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қатысты. Имам халыққа жеті рухани қазықты баяндап, жік-жікке бөліп айтып өтті. 

Оның маңыздылығын, дініміз бен дәстүріміздегі орынын сөз еткен бас имам тұрғындардың сұрақтарына дәйекті жауап берді. 

"Ислам адамзатты алдымен Аллаға иман келтіруге, сол иманның аясында игі іс істеуге шақырады. Адал еңбекпен несібе табу – пайғамбар салған сара жол. Ислам діні масылдыққа салынуды құптамайды. Шәкәрім бабамыз: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа анық бола алады. Олар: адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек», – дейді. Қабылдағалы тұрған құжатымыз жастарды еңбекке баулиды" - деп атап өтті өз сөзінде.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: