#Қордай имамдары қарияларды мерекесімен құттықтады

#Қордай имамдары қарияларды мерекесімен құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының имамдары "1 қазан - Халықаралық қарттар күніне" орай әлеуметтік жағдайы төмен қарттардың отбасына сыйлық жасады.

Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мереке күні қарияларға арнайы барып, құттықтап, сыйлықтарын табыстады.

Сонымен қатар, Бетқайнар ауылының имамы Нұрлан Жиенбаев мешіт атынан 3 қарияға кілем тарту етті. 

Қоғамның асыл тұлғаларына, қазыналы қарттарымызға деген құрмет жайлы шариғатымызда көп насихат айтылған. Қазақ халқы да үлкеннің батасын алмай іс қылмайтын. Осы өнегені үлгі тұтқан аудан имамдары қарияларға құрмет күнінде ерекше сый жасап, бата алып қайтты. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: