Тараз қаласы «Құлбай баба» мешітінің имамы Ембергенов Амангелді қала жастарына уағыз-насихат жүргізді. Білікті маман ел болашағы болған жастарымыз жат ағым жетегінде кетпеуі үшін қыркүйек айында үш кездесу өткізді.
Кездесу жастар ресурстық орталығында университет студенттерімен «Жат ағым адастырады», «Дін және жастар» тақырыптарында және Тараз қаласы №45 орта мектеп оқушыларымен «Мәдениет-ұлттық өркендеу коды» атты тақырыптарында болды.
Кездесу барысында мектеп оқушылары мен университет студенттері көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұжырымды жауаптар алып, алғыстарын білдірді.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі