#Шу: Еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

#Шу: Еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дала академиясын оқып данышпан  болған бабалардан еңбек туралы көптеген асыл сөздер таралған. Жалқаулықтың зардаптарын да сипаттаған.  Ал, асыл дініміз Исламда жалқаулық, жатып ішерлік, масылдық секілді қасиеттер құпталмаған. Керісінше еңбекпен адал нан табу, тер төгу, бейнеттену көбірек зікір етіліп, қошталғанын көзі қарақты ағайын жақсы біледі.

Осыған сәйкес Шу ауданы «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен, қамқор жамағаттың жәрдемімен  еліміз бойынша жариялаған «Еңбек» апталығына орай ауылдың ажарын сақтап, тазалық жасап, абаттандырып жүрген жұмысшыларға арнап дастархан жайылып, Құран оқылды.

Бас имам еңбек адамдарының ақ адал еңбектеріне алғыс білдіріп, азды-кем тақырыпқа орай насихат жасады.  Шара барысында шежіреші Мұрат қария жиналған қауымға батасын беріп, ізгі ниетін білдірді.

Өздеріне көрсетілген құрметке разы болған еңбеккерлер ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: