#ТАРАЗ: Қала мешітінде салт-дәстүр дәріптелді

#ТАРАЗ: Қала мешітінде салт-дәстүр дәріптелді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. 

Тараз қаласы «Әл-Әділ» мешітінің имамы Сыбанбай Расылхан ислам рәсімі әрі қазақ салты болған жерлеу рәсімін мешітке келген жамағатқа түсіндірді. Жерлеу рәсіміне жататын кебіндеу, жерлеу, жетісі, қырқы және жылдық асының өткізу тәртібін жүйелі түрде түсінген жамағат бұл рәсімдердің маңыздылығын ұғынды. Жиын соңы жамағаттың сұрақтарына жауап беріліп, ақсақалдың ақ батасы алынды.

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: