#Шу: Ғалым атындағы мектепте ғибратты кездесу өтті

#Шу: Ғалым атындағы мектепте ғибратты кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәрсенбінің сәтінде Төле би ауылындағы тарихшы, ғалым Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясында ауқымды әңгіме қозғалған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Аталмыш шараның құрметті қонағы ретінде Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази»  мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жәпек арнайы келіп қатысты. Сонымен қатар осы жиынға Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Зарина Абдиевалар қатысқанын атап өту керек.

Дөңгелек үстел барысында шара қонағы  Ғ.Жәпек ұлттық код түсінігі, діни сауаттылық, қазіргі таңдағы жат ағымдарға қарсы имани имунитет қалыптастыру сынды тақырыпта мектеп ұстаздары мен оқушыларына арнап түсінік беріп, рухани қайнардан сусындатты. Сонымен бірге Б.Әміреев, З.Абдиевалар да сөз алып, өзекті мәселелерге тоқталып, оның шешу жолдарын қарастырып, маңызды мәжілісті ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Шара соңында мектеп-гимназия директоры А.Естаева қонақтарды мектепішілік музеймен таныстырып, құнды жәдігерлерді көрсетіп, естелік сыйлықтар таратты.

Бүгінгі оқушылар, ертеңгі ел болашағы. Толысып, тұлға болып қалыптасуы үшін олар ақ пен қараны ажыратып, діни тұрғыда дұрыс түсінікте болуы тиіс. Осындай жүздесулер арқылы қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса өз пайдасын беріп, олардың саф саналарына оң әсер етеді деп есептейміз.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: