Еңбектену – құлшылықтың түрі

Еңбектену – құлшылықтың түрі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін - адамның бақыты мен тыныштығын қамтамасыз етеді. Бұл күмәнсіз.  Дін адамға тек қана намаз, ораза, зекет пен қажатықты бұйырмайды. Сондай-ақ адамға еңбекқорлықты, амал-әрекет етіп талпынуды әрі тер төгіп тіршілік етуге бұйырды. Сондықтан да адал табыс табу жолында жұмсалған күштің өзі ғибадаттың аясына кіреді.

 «Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Алланың мархеметінен несібе іздеңдер. Сондай-ақ Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар!» (Жұма сүресі, 10) деп бұйырған Алла Тағала, Құран Кәрімнің тағы бір аятында: «Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді. Сосын оған еңбегінң бодауы толық беріледі» (нажім сүресі, 40-41) деп бұйырып еңбектенудің, тер төгудің мңыздылығын көрсеткен. Дініміз жалқаулық, кедейлік пен қайыршылыққа үзілді-кесілді қарсы. Керісінше, мұсылманнан адал жолмен мал тауып, бай-қуатты болуы үшін аянбай еңбектенуін талап етеді.

 Хазіреті Пайғамбар (ﷺ)  «Берген қол алған қолдан абзал» деп бұйырған» (Бұхари, Зекет, 18) деп бұйырған. Тағы бір хадисте «Адам маңдай терімен тапқан малынан артық ризық жемеген. Алланаң Пайғамбары Дәүіт (ғ.с.) да өз еңбегінің жемісін жейтін» (Бұхари, Бүйі, 9) деп, біздерге еңбектену мен еңбекқорлықтың қаншалықты қажет әрі маңызды екенін білдірген.

Алланың пайғамбарлары да еңбектеніп тер төгіп, біздерге өнеге көрсетіп, тамаша үлгі көрсеткен. Хазіреті Нұх (ғ.с.) – ағаш шебері, хазіреті Шұғайып (ғ.с.) – егінші, Мұса (ғ.с.) –шопан, хазреті Пайғамбарымыз (ﷺ) – саудагер, әрі өзінің айтыуы бойынша Меккенің түйелерін баққан шопан болған. Олардың әрбірі термен табыс тауып, өз еңбектерімен күнелткен.  Имам Ағзам Әбу Ханифа да еңбекқорлыққа көңіл аударып, адал табыс тапқан үлкен саудагер болатын.

Ислам діні адамды еңбекқорлыққа үгіттеп қана қоймай, оның адал болуын талап еткен. Адал мен арам нәрселер мәлім. Бұлардың атын атап, түсін түстейтін, шегін көрсетіп беретін әлбетте Ислам. Исламның іргетасы – Құран Кәрім. Ал Құран Кәрімнің түсіндірмесі Пайғамбарымыздың (ﷺ) – сүннеті. Алла Тағала Құран Кәрімде былай бұйырады: «Ей, адам баласы! Жер жүзіндегі адал, таза нәрседен жеңдер!» (Бақара сүресі, 168) Хазіреті Али былай деген: «Адал малдың есебі, арам малдың азабы болады».

Келесі бір назар аударарлық жайт, әрбір еңбекқор жан тәртіптен айнымау қажет. Өйткені Ислам діні туралықты талап ететіндіктен өтірік пен салғырттыққа қарсы. Діннің негізі – көркем мінез, сондқтан құйтырқы сөз бен амал-әрекеттерге де мүлде жол бермейді.  Сахабалардың бірі хазіреті Пайғамбарызға (ﷺ)  келіп: - Уа Алланың Елшісі! Ислам жайлы мған үгіт беріңіз, сізден кейін ешкімнен сұрауға мәжбүр болмайтындай жеткілікті болсын! –дейді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Аллаға сендім дегеннен кейін туралықтан айныма!» - деді. (Мүслим, Иман, 13)

Мұсылман кез келген жағдайда туралықтан айнымауы қажет. Яғни, сөзі, өзі, саудасы, барлық ісінде шыншыл болу... «Арбаушы бізден емес» (Мүслим, Иман, 164) деп бұйырған Пайғамбардың (ﷺ)  үмбеті екенімізді ұмытпауымыз қажет. Адамдар тек қана намазымызға қарап қоймайды; керісінше адамдар шыншылдығымызға, тазалығымызға, сөзімізге амал-әрекетімізге де қарайтынын ұмытпайық. Тағы да хазіреті Пайғамбарымыз (ﷺ): «Шыншыл әрі сенімді саудагер қиямет күні, пайғамбарлар, шынышлдар мен шейіттермен бірге тіріледі» (Тирмизи, Бүйі, 1252) деп шыншыл әрі адал болудың қаншалықты маңызды екенін баяндап өткен. Қысқасы дүние мен ақырет бақытына бөлену үшін бар күш-жігерімізбен еңбектенуіміз қажет.

Пайғамбарымыздың (ﷺ) «Жұмысшының еңбек ақысын маңдай тері кеппей тұрып берсін!» (Ибн Мажа, Рехинлер, 4) деген хадисі жұмысшының еңбегіне деген құрмет, ал «Екі күні бірдей болған адам зиянда» деген хадисі еңбекқорлыққа көрсетілген құрметті көрсетеді. (Кәшфул-Хафа, 2/233).

Иманды жан еңбекқор, шыншыл, адал табысты көздеген, еңбекқорлыққа ерекше құрмет көрсетеді; арам нәрседен жалқаулық және осы секілді теріс нәрселерден алшақ жүреді. Марқұм ұстаз Н.Фазыл Кысакүректің айтқанындай: «Үлкендер секілді артымызда мұра қалдыру үшін құмырсқалар секілді еңбектену қажет».

Нурбеков Алмас

 Жамбыл облысы, Жуалы аудандық

«Толымбайтегі Зиябек»  мешітінің наиб имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: