Қызғаншақ адам 5 нәрседе Аллаға қарсы келеді…

Қызғаншақ адам 5 нәрседе Аллаға қарсы келеді…

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асылында, Пайғамбарымыз (ﷺ) ашу-ызадан арылу сүннет болып табылады деп айтқан. Әрбір мұсылман жүрегін ыза мен қызғаныштан арылтуға міндетті, өйткені бұл ерекше амал болып табылады.

Факих (ол кісіге Алланың рақымы болсын) былай айтқан: «Менің әкем өз иснадымен Әнас бин Мәликтің (р.а.) Пайғамбарымызбен (ﷺ) бірге отырғанда былай айтқанын келтірген: «Қазір сендердің қастарыңа Жұмақ мекендеушілерінен болатын бір адам келеді», - осы сөздерден кейін расымен сол қолында сандалдары бар, сақалынан суы тамшылап, жаңа ғана дәрет алғаны білініп тұрған бір адам келеді.

Келесі күні де Пайғамбарымыз (ﷺ) сол сөздерді айтады да әлгі адам біздің қасымызға келеді. Үшінші күні де осы оқиға қайталанады.

Пайғамбарымыз (ﷺ) кетіп қалған соң, Ғабдулла бин Амр бин әл-Ғас (р.а.) әлгі адамның соңынан ілесіп келе жатады да оған былай айтады: «Мен әкеммен ұрсысып қалдым, үш күн үйге келмеймін деп ант еттім, егер сіз мені үйіңізге жіберсеңіз мен осы күндері сіздікінде бола тұрар едім», - сонда әлгі адам: «Жарайды», - деп жауап береді.

Әнас (р.а.) былай айтқан: «Содан кейін Ғабдулла онымен үш күн өткізгенін, бірақ оның түнде тұрып құлшылық етпегенін, тек ояна сала Алла Тағаланы дәріптеп, ұлықтай бастайтынын, осылайша таңғы намазға дейін солай жасайтынын айтқан». Ғабдулла (р.а.): «Алайда оның жақсылықтан басқа ештеме айтқанын естімедім, үш күн өткен соң оның жасап жүргендерін жақтырмай қарап, оған былай дедім: «Әй, Ғабдулла, мен әкеммен ұрсыспадым да оны тастап кетпедім, бірақ мен Алла Елшісінің (ﷺ): «Қазір сендердің қастарыңа Жұмақ мекендеушілерінен болатын бір адам келеді», - деп үш рет айтқанын, сол үш ретінде де біздің қасымызға сен келдің де мен сенің қасында болып, сенен үлгі алғым келіп кетті, алайда менің байқағанымдай сен сондай көп игі амалдар жасағаныңды байқамадым, сонда Пайғамбарымыздың (ﷺ) айтқан дәрежесіне сен қалай қол жеткізіп жүрсің?»

Сонда әлгі адам: «Сен көрген нәрседен басқа ештеме жасамаймын», - деді де мен кете бергенде: «Сен көрген нәрседен басқа ештеме жасамаймын, сондай-ақ, мұсылмандарды алдамаймын әрі оларға Алла несібе берсе мен қызғанбаймын», - деген. Сонда Ғабдулла (р.а.) былай айтқан: «Бізде жоқ әрі сенің дәрежеңді көтерген нәрсе осы болды ғой!»

Кейбір дана адамдар былай айтқан: «Бес нәрседе қызғаншақ адам Аллаға қарсы келеді. Бірінші, ол біреудің байлығын қызғанады. Екінші, Алланың берген несібесіне ашуланады, яғни, ол Жаратушыға: «Неге Сен байлықты осылай бөлдің?» - деп наразылық танытады. Үшінші, ол Алла Тағаланың жоғары қасиеттеріне сараңдық танытады. Асылында, Алла кімге қаласа соған Өзінің жоғары қасиетінен игілік береді.Төртінші, ол Алла Тағаланың досына тіл тигізеді, өйткені қызғаншақ адам игілігі бар адамдардың игіліксіз құр алақан қалғанын қалайды. Бесінші, ол Алла Тағаланың жауы - Ібліске көмектеседі».

Риуаяттарда былай айтылған: «Қызғаншақ адам жиындарда - тек қысымшылық пен кемсіту, періштелерден — тек лағынет пен жек көрушілік, адамдардан — үрей мен әбігерлік, өлім алдында - тек қорқыныш пен қасірет, ал Қиямет күні — тек масқара мен жаза ғана көреді. Тозақта оны жалындаған от күтеді».

"Танбихул ғафилин" кітабынан.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: