Еңбек еткенің ризығы артық

Еңбек еткенің ризығы артық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл өмірдің сынақ екендігі баршаға мәлім. Біреу дәулеті тасып сыналса, ал бірі жоқшылықпен сыналуда. Екі тараптың қайсысы болмасын Алла Тағаланың пешенесіне жазғанын көреді. 

Әрбір адам ризығым Алладан екен деп қол қусырып қарап отыруға әсте болмайды, ризық еңбек еткен адамға беріледі. Құранда Алла Тағала былай деп құлдарына баяндайды: «Намаз оқылып болғансоң, жан-жаққа тарап Алланың мол рақымына ( Кәсіптерің арқылы) өз ризық-несібелеріңді іздеңдер» - («Жұма» сүресі, 10 – аят) Осы аятқа назар аударсақ, өз ризығымызды табу үшін үйде жатпастан керісінше сыртқа шығып жұмыс жасап, еңбекке бет бұрған кезде ғана Алла Тағала ризығымызды беретіндігін байқаймыз.  Алла қаласа ризығымызды молынан беретіндігінде осы аяттан аңғаруға болады.   

         Пайғамбарымыз (Алланың игілігімен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Ешкім де табан ақы, маңдай терімен тапқан тағамынан қайырлы ас ішкен емес. Шынында, Алланың пайғамбары  Дәуіт те (ғ.с)  ризығын өз еңбегімен табатын еді», - деп баяндайды.    Демек алма піс аузыма түс деу жалқаулықтың сипаты екен.

Еңбек етпейтін адамның қолы бос болатындығы белгілі,  істейтін ісі болмаған адам жеңіл ойдың жетегінде жүретіні ақиқат, жеңіл ойды ойлау адамды күнә атаулылыарға итермелейтіні белгілі. Қазақ айтады жалқаудың жаны тәтті еңбектің наны тәтті деп.

 Рысбай Еспенбетов

Мойынқұм ауданының имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: