Қордай ауданы Қаракемер ауылдық мәдениет үйінде мектеп ұстаздары мен оқушылармен кездесу жасалды.
Аудан наиб имамы Дәурен Нұржанұлы мен ауыл имамы Данияр Тауыпалды діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында насихат айтып, теріс ағым ұстанушыларының белгілерін тілге тиек етті.
Діни білімнің діни иммунитет болатынын айтып, дін білімін тек имамдардан алуға кеңес берді.
Жат ағымның қоғамға алып келіп жатқан зиянын сөз еткен мамандар көпшіліктің сауалдарына дәйекті жауаптар берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі