#Қордай: Аудан бас имамы кешірім жайлы насихат айтты

#Қордай: Аудан бас имамы кешірім жайлы насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық кітапханасында мәдениет үйінің қызметкерлерімен кітапхана ұжымымен діни жүздесу өтті. 

Іс-шараға Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы барып, "Кешірім апталығына" орай ислам діні, кешірім жайлы насихат айтты. 

Кешірімшіл болудың адам өмірін жеңілдетуі, шариғаттағы маңызы, дәрежесі тілге тиек болды. Имам ислам дінінің құндылықтарын сөз етіп: "Исламдағы бауырмашылдық, кешірім ең жақсы істерден болып табылады. Өйткені ислам осындай ұлы жетістіктерге кешіріммен жетті. Кешірім деген отбасының салауатты өмір сүруіне жетелейді. Кешірім деген адамдардың бір-бірінің арасындағы сүйіспеншілік, махаббатты нығайтады. Кешірім деген адамдар арасында араздық болса, сол араздықты жеңіп, бір-бірімен достастырады. Кешірім деген бір-бірінен алыстап кеткен адамдардың арасын жақындатады. Бір-біріне күмәнмен қарағандардың күмәнын жояды. Кешірім деген бірін-бірі жек көретіндердің амалын босқа шығарып достастырады" - деп атап өтті.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: