Тіл мен дін - дәстүрдің тірегі

Тіл мен дін - дәстүрдің тірегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылды іске асыру жөніндегі бағдарламаға сәйкес "Тіл мен дін - дәстүрдің тірегі" атты дөңгелек үстел өтті. Айтулы шараға облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек қатысып қайтты. 

Шараға облысқа қарасты қала, аудандардың Тілдерді дамыту орталықтарының мамандары қатысты. Тіл мен дәстүрдің, діннің қоғамдағы орны жеткізілді. Дін маманы "Тіл арқылы дінімізді жеткізіп жатырмыз, ана тілімізде діни кітаптар жариялап жатырмыз. Тіл - ұлт екеніміздің, бар екеніміздің, тарихымыздың көрінісі. Тілі жоқ ұлт - жойылған ұлт" - деп атап өтті. 

Сонымен қатар Ғалымбек Төлегенұлы Қордай ауданында Имамдар үйінде қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында имамдарға оның ішінде дүнген имамдарға қазақ тілі дәрістері жүргізіліп жатқанын, әрі бүгінгі  таңдағы нәтижесін жеткізді. Тіпті орыс тілді мешіттерде уағыз барысын қазақ тілде бастауды алдағы уақытта қолға алу жоспарда бар екенін тілге тиек етті. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: