Бас имам әжелер алқасымен жүздесті

Бас имам әжелер алқасымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Жамбыл облыстық "Әжелер алқасы" мүшелерімен жүздесті. 

Бас қосуда "Әжелер алқасының" жұмысы, алға қойылған мақсат, тәрбие беру мәселесі төңірегінде сүбелі сөз қозғалды. 

Ұйымның ашылу мақсатын басымдық бере тілге тиек еткен бас имам жастар тәрбиесінде әжелер алқасының үлесі зор болатынына үміт артып отырғанын айтты. "Ұрпақты тәрбиелеу үшін қыз баласын тәрбиеле" демекші, дәл осы мәселеде әжелердің кеңесші, бағыт-бағдар беруші, үлкен мектеп екенін ауыз толтырып айтты. 

Айта кетейік, әжелер мешітте күнделікті кезекшелікке тұрып, жамағатпен тілдесіп, көмегін көрсетуде. Сонымен қатар қазіргі уақытта ақ жаулықтылар білімін жетілдіру үстінде. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: