Әйелдер жамағаты мешітке тазалық жұмыстарын жүргізді

Әйелдер жамағаты мешітке тазалық жұмыстарын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұхаммед пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) «Дін – бұл тазалық», «Тазалық – иманның жартысы» деп келген мүбәрак хадистерінен діндегі тазалықтың маңыздылығын ұғына түсеміз. 

Мүміннің сыртқы дүниесі мен ішкі тазалығынан бөлек айналасының тазалығы да өте маңызды дүние. Әсіресе, Алла үйі үшін жасалған тазалықтың орны ерекше. 

Мұны ескерген ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен облыстық "Һибатулла Тарази" мешітіне кезекті тазалық жұмыстарын жасады. 

Қыз-келіншектер ғимараттың ішін толықтай тазартып, биіктіктегі барлық шаң-тозаң, шалауды алу сынды жұмыстарды бірлесе атқарды. Осы тұрғыда, Алла разылығы үшін жасалған кішке бір амалдың өзі үлкен дәрежеге жеткізетінін айта кетейік. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: