Ихсан ілімі: «Отбасындағы ізгілік»

Ихсан ілімі: «Отбасындағы ізгілік»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Қазақта «Отан отбасынан басталады» - деген қанатты сөз бар. Әрбір адам өз отбасына үлкен жауапкершілікпен қарап, ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие берсе, ол бала ертең отбасына, еліне дұрыс қызмет ететін болады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің хадисінде былай деген:  «Сендердің ең жақсыларың отбасы мүшелерімен жақсы мәміледе болғандарың» - деп, отбасымен жақын мәміле жасап олармен сырласып отыру керектігін айтқан. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің хадис-шәріптерінде: «Ер адам өз отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағылар үшін жауапты, әйел өз үйі мен балаларының бақташысы сол үшін жауапты» -  деген. Ер адам өз отбасын ас ауқатын, киім-кешекпен қамтамасыз ету қажет. Алла тағала Құранда "Аналардың нәпақасы шамасы жеткенше  баланың әкесіне қатысты" деген.   

Отбасы – адам  өсіп-өнетін, қанат жайып, түлеп ұшатын алтын ұясы. Адам өміріндегі мейірімділік пен адалдық, тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, оны ұрпақ санасына қалыптастыратын ардақты әкелер мен аяулы аналар. Сынақ үшін берілген мына қысқа ғұмырда жанұяларымызды  құрметтеуге, сыйлауға, өнегелі етуге тиіспіз. Алла тағала Отанымызды, отбасымызды аман қылсын. Келешек ұрпақтарымызды иманды,  қыздарымызды ибалы қылсын!

Қуаныш ИСМАЙЛОВ

Жамбыл ауданы, Құмтиын ауылы

  "Ботабай" мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: