Ирак және Сирия ислам мемлекеті (ИСИМ) террористік ұйымы әл-Анбар қаласы арқылы Сауд Арабия қалаларын бақылауына алып, Қағбаны құлататындығын мәлімдеді. Олардың айтуынша, Қағбадағы қара тасты сүю, оны ұстау Аллаға серік қосу болып табылады-мыс. Бұл сонда қандай мұсылмандық, қандай жиһад болғаны?
Ирак және Сирия ислам мемлекеті тобының бір белсендісі Меккедегі Қағбаны құлататынын айтып былай деді: «Алланың қалауымен, шейхымыз әл-Бағдадидің бастамасымен Қағбадағы қара тасты тәуап етушілерді (қажыларды) өлтіреміз және Қағбаны да жоқ қыламыз».
Әбу Ахмад әл-Мұқаддаси атты бір террорист өзінің twitter парақшасында мынадай жазба жариялапты:
Адамдар Аллаға емес тастарға құлдық ұруға Меккеге барып жатыр. Алланың атымен ант етейін, егер біз Сауд Арабияны жаулап алсақ, онда Алладан басқаға құлшылық еттіргені үшін Қағбаны құлатамыз».
islam.kz


25 Қазан 2025
3 Джумада-авваль 1447

