Астанада жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

Астанада жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Елордамыздағы құлшылық ордаларының қатары тағы бір мешітке артты. «Пригородный» тұрғын үй алабындағы Арнасай көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында орын тепкен әсем мешіттің ашылу салтанатына еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысып, оның елордадағы сегізінші мешіт екенін атап өтті.

– Мешіт елордамызға келетін қонақтар үшін қолайлы. Болашақта бұл мешіт тек ізгілік пен бірліктің құтты мекені болады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айы қарсаңындағы игілікті шараға ҚМДБ-ның төрағасы, мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен найб мүфти, "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз қатысып, жаңа мешіттің дін жолындағы жұмысына сәттілік тіледі.  

Қасиетті жұма күні жұртшылық игілігіне пайдалануға берілген «Әлжан ана» мешітінде бүгін алғаш рет азан шақырылып, жамағатпен жұма намазы оқылды. Жаңа мешіттің бас имамы болып тағайындалған Мұқатай Ермек Тасболатұлы имамдыққа шығып, жаңа жұмысындағы алғашқы қызметін орындады. 

Жалпы аумағы 1 087 шаршы метрлік әсем мешітте бір мезгілде 1500 адамға дейін құлшылық ете алады. Қабырғалары шығыс стиліндегі суреттермен безендіріліп, еденіне керамогранит тақталар төселген. Сондай-ақ, мешіт ғимараты экологиялық тұрғыдан таза саналатын, жылусақтағыш қабырға материалынан тұрғызылған.

 

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: