ҚМДБ-ның жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінде «Құл Қожа Ахмет Яссауи» білім және парасат қоғамдық қорының және Түркиялық «Халыққа жәрдем беру» қоғамының демеушілігінде кең көлемді қайырымдылық акциясы өтті.
Қайырымдылық акция да, аз қамтылған 100 отбасыға күнделікті тұтынатын тұрмыстық бұйымдар таратылып берілді. Сондай- ақ мүгедек балалардың қамқоры болуымен батыр ана атанған мейірімді Зүлфия есімді әйелдің отбасына барып балалардың қамқорына тұрмыстық бұйымдар мен қоса ақшалай да сыйлық жасалды. Аталмыш шараның ұйымдастырылуына ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінің имамдары мұрындық болып отыр. Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Ол, кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау), Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).Сондай-ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық Қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) бір хадисінде ««Кімде-кім бір мүминннің дүниедегі қиыншылықтарының бірін шешетін болса, Аллаһ тағала да қиямет күнінде ол мүминнің қиыншылықтарының бірін шешеді (жеңілдетеді). Кімде-кім қиналғанға жеңілдік көрсететін болса, Аллаһ тағала да оған дүниеде және ақыретте жеңілдік көрсетеді. Кімде-кім бір мұсылманның айып-кемшілігін жасыратын болса, Аллаһ тағала да оның дүниедегі және ақыреттегі айып-кемшіліктерін жасырады»,- дейді. Алла жомарт жандарға екі дүниенің бақытын берсін.
Бақытжан Сабыралев
Практикант