#Сарысу: Шәкірттер арасында білім сайысы өтті

#Сарысу: Шәкірттер арасында білім сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Сарысу ауданы, Сарысу аудандық орталық мешітінде  әйелдер жамағатының ұстазы Мадина Қайратқызының ұйытқы болуымен  мешіт  шәкірттері  арасында  Құран, Фиқһ, Ақида  бойынша   онлайн  және офлайн  жарыс  өтті.

 Құраннан "Аср" мен "Нәс" сүрелері арасында, Ақида  мен  Фиқһтан әрбір  мұсылман  білуі  керек  парыз,  уәжіп  талас  мәселелері сұрақ  ретінде қойылды. Жарыстың  мақсаты  шәкірттерге  парыз, уәжіп, талас  мәселелері  дәлелмен  яғни Құран  аяттары  мен  хадиспен   түсіндіріп,  шәкірттердің   білімін  арттыру.  Жарыс өте тартысты болып, шәкірттерге  сұрақтар  билет  түрінде  келіп, жазбаша  түрде  жақсы деңгейде жауап берілді. Сайысқа қатысушылардың ең  кішісі  10  жасар  қыз  болса, ең  үлкені зейнеттегі  әжеміз   жүлделі  орындарға  ие  болды.

1 орын - Сайлауқызы Жанар

2 орын - Абубакирова Саракул әже

3 орын - Паримбекова Айдана

1, 2, 3 орындарға арнайы сыйлықтар беріліп, қалған  барлық  шәкірттерге  мадақтама қағаз беріліп, қатысып жақсы нәтиже көрсеткені үшін  алғыс айтылды. Алла тағала шәкірттеріміздің білімін арттырсын. Әмин. 

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: