#Жамбыл: Екпе сал - өміріңді сақта

#Жамбыл: Екпе сал - өміріңді сақта

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Ішкі саясат бөлімінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Екпе сал – өміріңді сақта» тақырыбында тікелей эфир өткізді. Аудан имамы тікелей эфирде аудан тұрғындарының қойған сұрақтарына жауап берді.

Еліміздегі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы вакцина салуға қатысты өз мәлімдемесін жасаған болатын. Кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс екенін сол мәлімдемеде шегелеп айтты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «... Шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Біраз қызметкерлер, аймақтық имамдар індетке қарсы екпе салдырып жатыр. Мамандардың сөзіне құлақ алып, денсаулық үшін маңызды деген соң, осындай қадамға барып отырмыз», - деді. Түсіне білгенге мұнын өзі көп нәрседен хабар беріп тұрса керек. Сондықтан мемлекет үшін маңызды істе жұдырықтай жұмылған ләзім.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: