Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінің бас имамы Танатаров Ғани шам намазында мешітке келген жамағатқа қазіргі қоғамда өз орнын ойып тұрып алған «Әлеуметтік желі» жайында кеңінен насихат айтты.
Келген жамағаттың сұрақтарына жауап берді. Қазіргі өмір бұрынғы өмірден өзгерек. "Қазір ақпарат заманы. Соған байланысты ғаламтор желілері бүгінде өміріміздің бір бөлшегіне айналып кетті. Тіпті онсыз өмір сүре алмастай деңгейге де жетіп қалдық. Ал сол әлеуметтік желілерді қазір өте ауқымды пайдаланатындардың жастар екендігін назарға алсақ мәселенің өзектілігі арта түсері сөзсіз. Қазірде жаһандануды өздеріне мүмкіншілік санайтын, жаһанданудың барлық тетіктерін пайдаланып, өздеріне жақтас жинаумен айналысатын, тіпті белгілі бір саяси мүдде үшін діни көзқарастарды жамылған ағымдар қарқын алды. Сондықтан, әлеуметтік желінің кері әсерінен сақтанайық!" - деп тек пайдалы ақпарат алуға шақырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі