Жамбыл ауданының Ерікті жастары аудан тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетті. Қайырымдылық он шақты отбасыны қамтыды. Көмек алған отбасылар ерікті жастарға өз алғыстарын айтып, ризашылығын білдірді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің,» — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі