Жамбыл облысы Жуалы ауданы бойынша «Толымбай тегі Зиябек» аудандық орталық мешітте 6-жас пен 16-жас аралығындағы қыздарға жазғы «Сауат ашу» лагері ұйымдастырылған болатын.
Ұстаз Жазира Полатқызының бастамасымен ағымдағы жылдың 9-тамыз күні осы лагер шәкірттерімен «Құранның інжу маржандары» атты кеші аталып өтті. Кешке шәкірттердің аналары мен «Әжелер» алқасының мүшелері және «Әйел-қыздар» секторының Жамбыл облысының жетекшісі Гүлжан Серікқызы қатысты.
Шарада Құран оқылып, еліміздің жұқпалы індеттен тез арылуын дұға жасалды. Шәкірттер жазғы сауат ашуда үйренген тәлімдері мен Құран әріптерінің құндылығын баяндайтын ән шумақтарын айтып, қонақтардың көңілін көтерді. Жас шәкірттерге мешіт атыннан сыйлықтар берілді, ал Құранға түскен шәкірттерге «Құранның інжу маржандары» деп жазылған марапаттау тақташаға есімдері жазылып сыйға берілді.
«Әйел-қыздар» секторының Жамбыл облысының жетекшісі Гүлжан Серікқызы жас шәкірттерге ізгі тілектерін айтып, «Әжелер» алқасы төрайымы Бекзат апа бата берді. Жалпы жазғы «Сауат ашу» лагерінде отызға жуық шәкірт білім алып, Ислам дінінің сусынынан нәр алып, имандылық тәлім тәрбиесін үйренді.
Жуалы ауданы «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің баспасөз қызметі