Таразда 24 сағат бойы Құран хатымы жасалмақ

Таразда 24 сағат бойы Құран хатымы жасалмақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны жұма күні басталып 24 сағат бойы Құран хатым түсірілмек. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың ұйытқы болуымен облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде 12 қари бірігіп Құран оқуды бастады.

Марқұмдарға сауабын бағыштап, ауру адамдарға шипа болсын деген ниетпен бастау алған 1 тәулік үздіксіз Құран хатымын жасау шарасы сенбінің таңына дейін жалғаспақ. Хатым дұғасы сенбі күні таң намазынан соң жасалмақ. 

Республикамызда тұңғыш рет өтіп отырған игі бастама аясында 1 күнде бірнеше рет хатым түсіріледі. Қатым құранды @asyldin.kz инстаграм парақшасынан 24 сағат бойы тікелей эфирде онлайн көре аласыздар.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: