Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітіне арнайы іс-сапармен келген облыстың найб имамы Аманбаев Ержан және ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы қасиетті жұма күні көпбалалы 3 отбасына «Берекелді жұма» акциясы аясында қайырымдылық көмек берді.
Қайырымдылық көмек алған отбасылар өз ризашылығын білдірді.
Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі