«QMDB HALAL» СЕРТИФИКАТЫ БАР ӨНІМ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ (ФОТО)

«QMDB HALAL» СЕРТИФИКАТЫ БАР ӨНІМ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ «Халал Даму» мен «Халал» стандарттау комитеті арасындағы өзара достық және ынтымақтастық жөніндегі меморандум негізінде отандық «Kaz Beef Processing» кәсіпорны мен Татарстандағы «ИТLE» рестораны әріптестік келісімшартқа қол қойды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Қазан қаласындағы ХІІ халықаралық «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» экономикалық саммитіне қатысып жатқан ҚМДБ делегациясының белсенді жұмысы көп күттірмей оң нәтижесін көрсетуде. Бұдан былай «Kaz Beef Processing» кәсіпорнының ет өнімдері «ИТLE» ресторанына тасымалданбақ.

«Татарстандағы халықаралық экономикалық саммитке отандық және шетелдік «QMDB Halal» сертификатын алған үш кәсіпорын қатысуда. «QMDB Halal» сертификатын алған ресейлік  кәсіпорындар да өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Халал жәрмеңкеге қатысқан «Kaz Beef Processing» кәсіпорны  көршілес елдегі ірі кәсіпорындардың бірімен іскерлік әрі әріптестік келісімшартқа отырып, жұмыс ауқымы мен табыс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік алды. Мұның барлығы – кеше ғана жасалған екі жақты меморандум мен «Халал Даму» ұйымының  белсенді жұмысының нәтижесінде жеткен жетістік» деген Ершат Ағыбайұлы көрмеге қатысқан кәсіпорындарға алғысын білдіріп, кәсіптеріне сәттілік әрі береке тіледі.

«Татарстандағы «ИTLE» кәсіпорны – жергілікті «Халал» комитеттен сертификаттаудан өткен халал ресторан желісі. Ал, «KAZ Beef Processing» – Ақмола облысындағы орналасқан ірі көлемде ет және ет өнімдерін өндіруші «QMDB Halal» кәсіпорындардың бірі. Отандық ауылшаруашылығы өнімдерін алыс-жақын шет елдерге экспорттау Елбасы Н.Ә.назарбаевтың «Жол картасы» бағдарламасы аясында бекітілген тапсырмалардың қатарынан. Сондықтан, бұл шара  ел экономикасы мен халал индустриясы үшін маңызды деп білеміз» деген Айбек Асқарбекұлы «QMDB Halal» өнімдерді алдағы уақытта өзге де елдерге экспорттау жоспарда бар екендігін жеткізді.

Айта кетейік, үш күнге созылған Татарстандағы халықаралық экономикалық саммит бүгін өз мәресіне жетті.

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: