Сауд Арабиясындағы қажылық кезеңі Корольдіктің Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген жоспарға сәйкес жүрді. Бүгінгі күнге дейін қажылар арасында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) жаңа түрінің бірде-бір жағдайы анықталған жоқ. Бұл туралы Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Тевфик аль-Рабияның мәлімдемесіне сілтеме жасап Сауд Арабиясының SPA ақпарат агенттігі хабарлады.
Қажылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көп күш жұмсалды », - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы. Биыл және өткен жылы коронавирустық пандемия жағдайында Сауд Арабиясы қажылардың шетелден келуіне тыйым салды. Қажылыққа ішінара рұқсат тек патшалықтың азаматтарына берілді.
asyldin.kz


05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

