100 мың адам Құран жарысына қатыспақшы

100 мың адам Құран жарысына қатыспақшы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Екі айға созылған әлемдік құран жарысына 100 мыңнан аса адам қатысты. Бұл жайында Бахрейн Әділет министрлігі жанындағы Құран ісі бөлімінің жетекшісінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, Iinanew агенттігі хабарлайды.

Бахрейн шейхы Абдулла Абдулазиз әл-Омардың айтуынша әлемдік құран жарысына қатысуға өтінім бергендердің 97 пайызы ер, 3 пайызы әйел адамдар. Сондай-ақ, комитет қатысушылардың жас аралығы 25-40 аралығында болатынын да мәлімдеді.

Айта кету керек, қатысушылардың басым бөлігі Сауд Арабиясы мен Мысыр елінен, өзге де араб елдерінен және еуропа контингентінен.

Бахрейн елінің ұйытқы болуымен өткізіліп отырған конкурс әлем бойынша ауқымды жобалардың қатарына жатады. Бұл құран конкурсына тұрғылықты жері мен еліне қарамастан, тілек білдірушілердің барлығы да қатыса алады. Конкурсқа қатыысуға ниеттілер Құран оқуға байланысты өз декламациясын бейнероликпен дайындап, оны Конкурстың ресми сайтына жіберуі керек. Бес кезеңнен тұратын конкурста әр кезеңнің жеңімпаздары анықталып, олар тікелей Бахрейннің қаржысына сый-сияпаттармен марапатталады. 

ummet.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: