Астанада Ақсақалдар Кеңесінің отырысы өтті (ФОТО)

Астанада Ақсақалдар Кеңесінің отырысы өтті (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Бүгін Астана қаласы мешіттерінің Ақсақалдар кеңесінің жалпы жиыны ұйымдастырылып, жиналысы болып өтті. Аталмыш жиналыста Ақсақалдар кеңесі туралы жалпы ереже талқыланып, бірқатар бөлімдері қайта бекітілді.

Сондай-ақ, жақындап қалған Рамазан айына байланысты ұсыныстар мен тілектер ортаға салынып, атқарылуға тиісті шаралар тізімі жасалды. Жиналыс барысында ақсақалдар кеңесі назарына елордамыздағы мешіттердің 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар есебі ұсынылды.

Ақсақалдар кеңесінде тағы бір талқыланған шаруа – алдағы рамазан айына байланысты ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Қазақстан мұсылмандарына жолдайтын Үндеуіне лайықты түрде атсалысып, халыққа кең түрде насихаттау жұмысы болып табылды.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: