Алматыда имамдарға сөйлеу шеберінен семинар-тренинг өткізілді (ФОТО)

Алматыда имамдарға сөйлеу шеберінен семинар-тренинг өткізілді (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Алматы орталық мешітінің бастамасымен «Таугүл-3» мешітінің ұйымдастыруымен қала имамдары үшін семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренинг «Телевидение және оның мәдениеті» тақырыбы аясында өрбіді. Басты мақсат  тележурналистика мамандарының риторикалық тәжірибесімен танысу, теледидарға сұхбат беру, оның техникалық ерекшеліктері туралы жан-жақты пікір алмасу болды. Мамандар: «Дін қызметкерлерінің заманға лайық жұмыс жасай білу үшін, әрі оразаға дайындық ретінде мұндай шаралар өте маңызды»,-деген пікірлерін білдірді.

Аталған семинарға ҚМДБ-ның аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ - баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, «Асыл арна» телеарнасының бас редакторы Қожан Болатбек, режиссер Иманбаев Ермұхан, Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы Мамай Ахет, Алматы телеарнасы «Бес парыз» бағдарламасының жүргізушісі Ермек Мұхатай қатысып, тренинг жүргізді. Бейне баян көрсетіліп, ұсыныстар айтылды.

Мұндай маңызды тақырып аясында айтылған пікірлер мен пайдалы кеңестерді тыңдауға Алматы қаласының 50-ге жуық имамдары келді. Заманауи журналистикаға қатысты қызықты ақпараттармен еліміздің ең тәжірибелі журналист мамандары ой бөлісті.

Семинардың жұмысы бағдарлама бойынша екі бөлімде жүргізілді. Алдағы уақытта осындай семинар-тренингтерді республиканың барлық аумағында өткізу жоспарланып отыр.

Осыдай игілікті іске мұрындық болған «Таугүл-3» мешітінің бас имамы Нұржан Дарқұлов Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының алғыс хатымен марапатталды. 

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: