Жамбыл облысында 22 290 отбасыға құрбан малының еті жеткізілді

Жамбыл облысында 22 290 отбасыға құрбан малының еті жеткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Исі мұсылманның ұлық мерекесі қасиетті Құрбан айт қуаныш пен шаттыққа толы болып, берекелі өтті. 20-22 шілде аралығында өткен  мереке – Құрбан айт күндері Qurban2021.kz сайты арқылы толықтай онлайн және кей өңірлерде жартылай дәстүрлі форматта құрбан шалынды.

Жамбыл облысы бойынша ұлтты ұйыстырған мерекеде 3313 қой, 125 ешкі, 392 ірі қара, 3 түйе құрбандыққа шалынып, 22 290 мұқтаж отбасығаларға ет жеткізілді. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың айтуынша, шараға 284 ерікті, 19 қасапхана, 58 қасапшы, 119 көлік жұмылдырылып, 3 күн бойы тынбай қызмет етті. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: