Қордай аудандық мешітінде аудан бас имамының басшылығымен Құрбан айт мерекесіне арналған жиналыс өтті.
Асқар Зәкіржанұлы өңірдің барлық имам-молдаларын ұлық мерекемен құттықтады.
Құрбан айтты өткізу барысы, санитарлық нормалардың қатаң сақталуы, атқарылатын іс-шаралар легі тілге тиек етілді.
Жиын соңында бас имам дін мамандарына "Ихсан" кітабын таныстырып, мазмұнына қысқаша тоқталып өтті. Шара соңында кітап таратылып берілді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі