#Меркі ауданы: Жазғы сауат ашу курсы мәресіне жетті

#Меркі ауданы: Жазғы сауат ашу курсы мәресіне жетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Маусым айының басында басталған жазғы сауат ашу курсы Меркі ауданындағы орталық «Меркі ата» мешітінде жыл сайын тұрақты түрде өтеді.

Қыз-келіншектерге арналған жазғы курсқа "Нұр-Мүбарак" университетінің түлектері, бір ай бойы дін негіздері, Алланың 99 көркем есімдері, мұғалім сәни, тәжуид ережелері, Пайғамбар (с.а.у.) өмірі жайлы дәрістер береді.

Қыз-келіншектер арасында курстың бірінші мерзімі аяқталып, емтихан алынды. Курсқа 9 әйел қатысып, оның 7-і Құран Кәрімді жүзінен оқуға көшті. Қыз балалардан 13 адам қатысты. Олардың арасында Алланың 99 көркем есімдерінен жарыс өтіп, 4 қыз жүлделі орын алды.

Курс соңында әрбір қатысушыға сертификат табыс етіліп, ұстаздар шәкірттерге сәттілік тіледі.

Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: