Жамбыл ауданында бүгінгі қасиетті жұма күні берекелді Мемлекеттік мейрам саналатын Құрбан айт мерекесі қарсаңында Жамбыл ауданы Қаракемер ауылында мешіт жамағатының ұйымдастыруымен «бір ауылдың бір күндік наны» атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауылдың 5 дүкеніне, 1 балабақшасына және жұма намазға келген жамағаттарға Алла разылығы үшін тегін нан таратылды. Ауыл тұрғындары мен мешітке келуші жамағат өз алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі