«Сәлем» сөзі араб тіліндегі «сәлимә» егістігінен есімдікке айналған. Бұл сөздің мағынасы «жамандық пен қателіктерден ада, қайырлы бір өмірді тілеп, дұға ету» дегенге саяды. Алла тағала «Біреу сендерге сәлем беріп, амандық-саулық сұраған кезде ол адамға одан да көп жақсылықтар тілеп, сәлем беріңдер. Өйткені Алла әрбір қайырлы істің қайтарымын қалайды»
Қасиетті Құран кәрімде «салам» сөзінің мағыналары берілген. Мәселен, бір мұсылман екінші бір мұсылман кісіге «ассаламу аләйкум» немесе «саламун аләйкум» деп сәлем беруі тиіс. Сәлем берудің аталған екі түрі де дұрыс. Бірақ «саламун әләйкум» дегені дұрысырақ. Өйткені Құран кәрімде Алла елшісінің де, періштелердің де мұсылмандарға берген сәлемі «саламун аләйкум» деп келеді.
Бір мұсылман екінші бір мұсылманға «саламун әләйкум» десе, сәлем алған кісі де өз кезегінде «Уағаләйкумуссалам уә рахматуллаһ» деп жауап беруі тиіс. Егер сәлем берген кісі «Саламун әләйкум уа
раһматуллаһ» деген болса, сәлем алған кісі өз кезегінде «Уағаләйкумуссалам уә рахматуллаһи уә баракатуһ» деп жауап беруі қажет. Алла елшісі сәлемдесудің бұл түрі алғашқы адам Адам атаның періштелермен амандасуынан алынғаның айтып кеткен .
Мұсылмандардың бір біріне сәлем беруі – сүннет. Сәлемдесу достық пен қайырымдылық ісіне жатады. Сәлем берген кісіге жауап беру - парыз. Бұл жайлы хадисте былай делінген:
«Иман етпейінше жаннатқа кіре алмайсыңдар. Ал бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше иман еткен болып саналмайсыңдар. Сендерге бір нәрсе айтайын ба? Оны жасаған кезде бір-бірлеріңді жақсы көріп кетесіңдер. Адамдар арасында амандық-саулық пен сәлем беруді жайыңдар».
Сәлем берудің де өзіндік әдебі бар. Ендігі кезекте осы мәселені тарқатып айтсақ дейміз:
1. Адамдардың қасына келгенде сөйлемес бұрын «әссәләму әләйкум» деп сәлем беру қажет;
2. Кез келген ғимаратқа кірген кезде ішінде адам болмаса да «әссәләму әләйна уа әлә ғибадиллаһиссалихин» деп айту керек;
3. Кездескенде сәлем берумен қатар қоштасарда да сәлем берген дұрыс. Бұл жөнінде ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) «Келгендеріңде көпшілікке сәлем бергендерің секілді кетерде де сәлем беріңдер»деп бұйырады.
4. Кездескен екі адамның үлкеніне, аз адам көп адамға, жастар үлкендерге, ат үстінде тұрған кісі жаяу адамға, арт жақтан келгендер алдындағы кісіге сәлем беруі тиіс;
5. Белгілі бір топқа берілген сәлемге топ ішінен бір адам «Уағалейкумуссалам» деп жауап қайтарса, топтағы кісілердің бәрі қарыздан құтылады;
6. Бір жиыннан қайтарда да салем беріп кету ізгі амалға жатады. Өзіне сәлем берген адамға «Уағаләйкумуссалам уә рахматуллаһи уә баракатуһ» деп жауап қайтару – парыз;
7. Егер бір кісінің сәлемін алып келген кісі болса «әләйкә уә әләйһиссалам» деп жауап беріледі. Ал хатқа жауап жазылатын болса, «Уағалейкумуссалам» деп бастау қажет;
8. Мұсылман еместерге жолыққан кезде бірінші олардың сәлем беруін күтіп, сосын барып «Әләйкум салам» деу қажет;
9. Алдыңнан кездескен кісіні танысаң да, танымасаң да сәлем беру қажет;
10. Сәлем берген адамға «Саламатсың ба?» деп жауап беруге де болады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қонақтарына кей кездері «Саламат па?» деп амандасқан кездері болған. Бұл сөздің арабшасы -«мархаба». Түбірі «рахаба» естістігі.
Бұл сөздің беретін мағынасы «кеңшілік пен жан рахатына бөлеңіп, өзінді еркін сезініп отыр» деген мағына береді;
П. Белгілі бір себептер кедергі келтірмесе, туыс әйелдерге де сәлем беруге болады;
12. Сәлем берілгенде оған дереу жауап беру қажет. Мүмкіндігінше жауабымызды сәлем берген кісінің естігені дұрыс;
13. Сәлем бергенде және сәлемге жауап берілгенде дауыс жоғары да, төмен де болмауы тиіс;
14 Сәлем бергенде және сәлемге жауап бергенде дауыстың ырғағынан ол кісіге деген құрмет сезіліп тұрғаны дұрыс;
15. Сәлем берген кісінің даусын естімегенсу дұрыс емес.
Сәлем беру ыңғайсыздық туғызатын сәттер де болады. Ендігі кезекте бұларды да тізбелеп өтсек:
1. Алла тағаланың көркем есімі аталатындықтан, лас жерлерде сәлем беруге болмайды;
2. Түрлі харам іс жасап жатқан кісіге сәлем берілмейді;
3. Құран кәрім оқып, хадис түсіндіріп және ағартушылық жұмыстары жүріп жатқанда сәлем берілмейді. Өйткені ондайда қайырлы істердің жалғасуына кедергі келтіруі мүмкін. Ал егер жоғарыда аталған қайырлы амалдар тоқтаса, ол кезде сәлем беруге болады;
4.Азан оқып жатқан, қамат айтып жатқан және намаз оқыл жатқан адамға сәлем берілмейді;
5. Cәлем беру мұсылмандардан талап етілген. Ал Ислам дінінде тыйым салынған кісілерге сәлем беруге болмайды. Ал егер олардың өзі сәлемдесетін
болса, «Уағалейкум» деп жауап беріледі;
6 Сәлемге жауап бере алмайтын жағдайда тұрған кісіге сәлем беру «мәкрүһке» жатады;
7. Жасаған күнәсін ашық айтып, онысымен мақтанатын кісіге сәлем беру «мәкрүһ»;
8. Сәлем беріп, сәлем алу - достықтың белгісі және адамдар арасындағы жылы қатынастың белгісі. Бірақ сәлем берген кезде тым қатты Иілу мәкрүһ, Өйткені кейбір ғалымдардың пкірінше, рүкуғқа баратындай қатты иіліп сәлем беру сәжде ету мағынасына келуі мүмкін.
Амандасқанда қол алысу
«Мусафаха» сөздікте қол алысу және төс қағыстыру деген мағына береді. Ислами мусафаха екі кісі кездескен кезде ауызша сәлемдесіп болған соң арадағы құрмет пен жақындықты білдіру үшін бір-бірінің қолын қысу әрекеті болып табылады. Кей кездері қолды сүю, маңдайдан сүю және құшақтасып амандасу да мусафаха мағынасына келеді.
Сахабаларымен кездескен сәтте Алла елшісінің (әсіресе жұма және айт намазынан кейін құттықтау кезінде) мусафаха жасағаны айтылады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мұсылмандармен жиі мусафаха етіп отырған Ислам ғалымдары, мусафаха етудің сүннет екенін айтқан.
Алла елшісі мусафаха жайлы маңызды бір хадисі бар: «Екі мұсылман кісі кездескен сәтте бір-бірімен мусафаха етіп, мейірімі мол жаратушы Алла тағаладан бір-бірі үшін жақсылық пен ізгіік тілесе, екеуі екі жаққа кетпей тұрып-ақ Алла олардың күналарын кешіреді».
Сәлемдесу жүрек түбінде жатқан реніш пен ашуды жонып, Жаудық ниетті достыққа айналдырады.
Ардақты Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қол алысып, сәлемдесудің маңызы жөнінде айтқан бірнеше хадистері бар. Олардың бірінде кездескен кісімен төс қағыстырғаны айтылса , екінші бірінде амандасқан кісінің екі қолын қысып амандасқаны, тағы бірінде қолын бірінші болып тартып алмағандығы айтылады. Осыған ұқсас тағы Бір хадисте былай делінген «Екі: мұсылман кісі кездескен кезде бір-бірімен қол алысатын болса, күнәлары кешірледі» Тағы хадисте «Қол алысқан сәтте қолдарының арасынан күнәлары төгіледі» делінген .
Әзірет Әбу Бәкірдің үлкен әйел кісілермен қол алысқаны және Абдулла ибн Зубәйр науқастанып қалғанда, қызметші ретінде жасы егде бір әйелді жалдағаны айтылады. Үлкен әйел кісілердің сәнін көрсетпейтіндей етіп сыртқы киімдерінің кейбірін шешуге болатынын баяндайтын аят , олармен қол алысуға рұқсат етілгеніне дәлел бола алады.
Сұрақ: Жоғарыда ерекше атап өткен кісілерден басқа бір еркектің екінші бір әйелмен құшақтасуы немесе қол беріп амандасуы, яғни қол алысуына неліктен тыйым салынған?
Бұл сұраққа негізгі жауап ретінде «күнәға, харамға бастайтын жолдардың жабылуы (саддуз-ара) » принципін атауға болады.
Бөтен еркек пен бөтен әйелдің қол беріп немесе төс қағысып амандасуына тыйым салған өзге дәлелдер бар: Әйел кісілердің кейбір құқықтары мен әдебі жайлы түскен тағы бір аят («Мумтахина», 12-аят) түскеннен кейін Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мәдинада әйелдерді жинайды. Айша анамыз бұл жиналыс жөнінде былай дейді: «Мен сендермен серт жасастым. Алланың атымен ант етемін, өмірім бойынша ешбір әйелмен қол беріп амандаспаймын», Шынында, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмір бойы әйелдерге саусағының ұшын тигізбеген.
Қорытындылай келе айтпағымыз, бөтен әйел мен өзге бір еркек кісінің қол алысуына тыйым салынған. Тіпті, біз үлгі тұтатын ардақты Пайғамбарымыз да өмір бойы бөтен әйелмен қол алыспаған. Осыдан-ақ, бөтен әйелмен қол берісіп амандаспау қажет екенін аңғару керек.
Қанат Булгаков
«Әкрам Төре» мешітінің имамы